Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Өңір үшін елеулі үлес қосқан қарияларға құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы алдымен Екібастұздың Құрметті азаматы, еңбек сіңірген педагог және еңбек ардагері Жеңіс Мейірманға арнайы барды. Облыс әкімі тіл жанашырының елі үшін атқарған және әлі де қосар үлесіне ризашылығын білдірді.  Павлодар облысының Құрметті азаматы Қайрат Смағұлов та аймақ басшысының арнайы келгеніне қуанышты. Еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қайрат Хамитұлы 1999 жылдан 2005 жылға дейін Ақтоғай мен Железин ауданы және Екібастұз қаласының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. Ол бүгінде билікте жүрген азаматтардың еңбегі оңай еместігін тілге тиек етіп, барлық бастамаларына сәттілік тілеп, батасын берді. Көмір өнеркәсібінің ардагері Анна Музычук те облыс басшылығының ерекше құрметі үшін алғасын айтты. Еңбек майданының қатысушысы, тыл еңбеккері Анна Павловна 28 жылдан астам «Орталық» кенішінде еңбек еткен.

— Бұл күн — ақсақалдарымызға өңіріміздің дамуына қосқан үлестері, көп жылдық адал еңбектері, тәжірибелері мен ақыл-кеңестері үшін жылы лебізімізді білдіруге тамаша мүмкіндік, —
деді облыс әкімі. Ардагерлер назар аударғаны үшін алғыс білдіріп, барлығына бейбіт өмір тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.