«Saryarqa samaly» газеті Павлодар өңірінің тыныс тіршілігіндегі белді басылым! Газеттің күні бүгінге дейін жүріп өткен жолы Ертіс-Баян өңірінің тарихымен ұштасып жатыр. Тіпті,  кешегі Кеңес кезінде өңірдегі ана тілінің жалғыз пана тапқан жері, көсіліп шапқан жері осы сөз ордасы болды десем қателеспеймін. Бұлғақ кездің бәрін көрген өлке газеті біз үшін қадірлі де қастерлі! Жыл өткен сайын бағасы артпақ бағлан бәсіреміз де осы басылым.

Аймақ тұрғындары басылымға «Облысымыздың бас газеті» деген баға берді. Алдағы уақытта да «Saryarqa samaly» газетінің ел өміріндегі, халықтың көңіліндегі орны биіктей береді деп сенемін! Осы жерде қаншама сөз зергерлері қалам сайлап шығып, ел үшін ту көтерді! Олар өздері танылды, газетті, елді танытты. Содан бергі уақытта осындағы қаламгер әріптестерімнен бастап қатардағы әр маман оқырмандар үшін сүйікті басылым болуына өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Демек, ұжымның шығармашылық әлеуеті арта бермек.

Ұлылар қаламының таңбасы қалған «Saryarqa samaly», тағы бір шыққан төріңіз, — 95 жасыңыз құтты болсын!

 

Болат АМАНБАЕВ,

Қазақстан Журналистер
одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы.