Аққулы ауданының оқушылары Домбыра күні мерекесіне орай байқауға қатысты. Онда балалар фетр, гипс, дискілерден ұлттық аспап үлгілерін жасады.

Аққулы аудандық білім  беру бөлімінің мәліметінше, аталмыш байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, ұлттың ұлылығын ұлықтау.

Жарысқа 30-дан астам бала қатысты. Қазылар алқасы макеттерді ұсынудың өзіндік және шығармашылық тәсілдерін, эстетикалық және әдеттен тыс тәсілді жоғары бағалады. Қатысушылар ағаштан, картоннан, құрақтан, папье-машеден, сымдардан, дискілік пластинкалардан, гипстен, фетордан, гүлдерден, квиллингтен, тіпті шарлардан домбыра үлгілерін дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша 1, 2, 3-орын иегерлері білім беру бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Өз тілшіміз.