Бір ай бұрын кеншілер қаласында жылудың тарифін өсіруге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Екібастұздықтар тарифті көтеру әлі ерте екенін айтып, қарсылық танытқан еді. Бір ай бойы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің өтініміне талдау жүргізген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облыстық департаменті бес жылдық тарифті бекітуден бас тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, монополист шығындарын алға тартып, жылу құнын 149 пайызға өсіруді сұраған еді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облыстық департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, 2021 жылы бекітілген тариф сол қалпында қалтырылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
– Өтінімде тарифті өсіруге қатысты экономикалық негіздемелер келтірілген. Мәселен, 2021 жылдан бері көмірдің, электр қуатының құны өсті. Жұмысшылардың жалақысын да көтеру қажет етеді. Біз бұл өтінімнің проверяли на соответствие мы провели анализ на сответсвтие требованиям закона о естест монополиях. Осылайша, кейбір тұстары заңға сәйкес келмегендіктен өтінімді қарастырудан бас тарттық. Дегенмен, табиғи монополиялар субъектісі, яғни, «Екібастұз жылуэнергия орталығының» қайтадан өтінім білдіруге құқығы бар. Егер қосымша өтінім түссе, қайта қараймыз, – деді Нұрлан Әуелбекұлы. Департамент басшысының мәлімдеуінше, өтінімді беруге қатысты нақты мерзім шектеуі жоқ. Заң бойынша қолында бекітілген бес жылдық тарифі бар монополист оған өзгертулер енгізуге жылына бір рет, ал құзырлы мемлекеттік орган жылына екі рет ұсыныспен шығуға құқылы.

Өз тілшіміз.