28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бірқатар мемлекеттік мекемелер, аудан әкімдері мен Қазақстан Журналистер одағы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттап, кәсіби мерекемен құттықтады. Олардың қатарында облыстық «Saryarqa samaly» газетінің журналистері де бар.

Атап айтар болсақ, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Ж.Жилбаев басылымның бас редакторы Нұрбол Жайықбаевқа Алғыс хат жолдады. Облыстық Кәсіпкерлер Палатасы шеф-редактор Құндыз Қабылденованы Алғыс хатпен марапаттады. Газет шолушысы Нұржайна Шодырға облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасы берілді. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаты шолушы Торғын Оразалыға табысталды. Ал ауыл шаруашылығы басқармасы газет шолушылары Оралхан Қожанов пен Алтынбек Мұқышевті Алғыс хатпен марапаттады. Облыстық полиция департаменті де басылым журналисі Алтынбек Елемесұлына сый-құрмет көрсетті.

Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы С.Матаевтың Құрмет грамотасымен газет корректоры Зәмзагүл Оспанова марапатталды.

Атап өтерлігі, кезінде «Saryarqa samaly» газетінің тілшісі болған әріптесіміз, журналист, бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы да ұжымға жүрекжарды лебізін білдіріп, құттықтаухат жолдады. Сонымен қатар, Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдырәлин «Saryarqa samaly» газетінің ұжымына құттықтау хат жіберіп, мерекелік лебіздерін білдірді. Ал Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы тәтті торт әкеліп, журналистер қуанышына ортақтасты.

Қаламгерлер қауымының еңбегін елеп, ілтипат көрсеткен барлық мекеме өкілдеріне «Saryarqa samaly» газеті редакциясының ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

Өз тілшіміз.