Қоршаған ортаға қамқорлық

Сәу 23, 2026

Ақтоғай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында плоггинг нұсқасындағы ауқымды шара ұйымдастырылды.

Бұл игі бастама ауданның барлық ауылдық округін қамтып, 1500-ге жуық тұрғынның басын қосты. Атап айтқанда, акцияға оқушылар, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен туған жердің тазалығына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар қатысты.

Негізгі шара аудан орталығы Ақтоғай ауылында өтті. Аудандық мәдениет үйінің алдында қатысушылардың сапқа тұруы ұйымдастырылып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Дощанов сөз сөйлеп, барша қатысушыға қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді.

Шара алдында қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әуен ырғағымен сергіту жаттығулары өткізілді. Кейін қатысушылар 4 топқа бөлініп, белгіленген бағыттар бойынша жолға шықты.

Плоггинг-жүгіру Ақтоғай ауылының маңында қорытындыланып, нәтижелері шығарылды. Қатысушылар бірлесе отырып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты. Жиналған қоқыс арнайы орындарға уақытылы шығарылды.

А.БОРАНБАЕВА,
Ақтоғай ауданы.