Құрметті оқырмандар! Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің екінші жартыжылдығына жазылғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жеңімпаздарға демалыс орындарына жолдамалар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.
Хабарландыру жарияланған уақыттан бастап редациямызға жазылу түбіртегін жіберген оқырман қатары көп болды. Десе де, олардың кейбірі шарттарды дұрыс орындаған жоқ. Сондықтан, бастапқыдағы шартқа сәйкес, көрсетілген телефон нөмірі мен электронды поштаға газетке жазылғаны туралы түбіртектің фотосын, аты-жөні мен ЖСН нөмірін толығымен жазған оқырмандар ғана ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды. Олай болса, талаптарды толығымен орындаған оқырмандар тізімін ұсынамыз.
1) Акылтаев Е.Е.
2) Акимова Д.Т.
3) Ахметова А.Ш.
4) Байдильдин А.М.
5) Байдильдин Т.
6) Дощанов С. С.
7) Сагидуллина А.

Ұтыс ойыны ертең сағат 15.00-де газетіміздің Инстаграм желісіндегі @saryarqa_samaly парақшасында тікелей эфирде ұйымдастырылады. Жоғарыдағы әр қатысушыға өзінің реттік нөмірі берілді. Сол арқылы ертең демалыс орнына жолдама мен басқа да сый-сыяпаттың иегерлерін анықтайтын боламыз. Ұтыс ойынына қатысуға жолдама алған оқырмандар, эфирді қалт жібермеңіз!