Жуырда аудандық мәслихат депутаттары жергілікті кәсіп-керлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарымен бірлесіп, әлеуметтік дүкендерге мониторинг жасады.

Мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау жүргізу, аталған тауар қорының жеткілікті деңгейде болуына назар аудару. Жалпы, ауданда әлеуметтік бағыттағы бес дүкен бар. Олардың барлығында қант, тұз, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері және жұмыртқа сияқты тауарлар жұртшылыққа нарықтағыдан төмен бағада ұсынылады.

— Тұрғындар үшін мұндай сауда орындарының болуы маңызды. Себебі азық-түлік бағасы құбылып тұрады. Қарапайым жұртшылықты қымбатшылық қинайтыны сөзсіз. Сондықтан біз әлеуметтік дүкендерден сауда жасаймыз. Күнделікті тұтынатын тауарларды арзандау бағада сатып алуға болады, — дейді аудан тұрғыны Еркін Батырбекұлы.

Билік және депутаттар тарапынан мұндай бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.