Екібастұз қаласындағы қала құраушы ірі өндіріс орындарында білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Кеншілер шаһарында алдағы уақытта жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескерсек, кадрмен қамту мәселесі қиындық тудыруы мүмкін.

Таяуда қала әкімі Аян Бейсекин аталған тақырып төңірегінде жиын өткізіп, жағдайды жан-жақты талқылады. Шаһар басшысының сөзінше, соңғы бес жылдың аралығында 5 мыңнан астам түлек қолына диплом алды. Алайда бүгінгі таңда олардың 20 пайызға жуығы жұмыспен қамтыл-маған. Бұған түлектермен жұмыстың әлсіз жүргізілуі басты себеп болып отыр.

– Шет мемлекеттерде жоғары оқу орындары түлектерінің табыстары мен мансаптық жолдарын тасада қалдырмайды. Сол сияқты бізге де өзге озық елдердің тәжірибесін ескере отырып түлектермен жұмыс істеудің жаңа форматын ойлас-тыру керек. Мамандығы бойынша тұрақты қызметке орналасқанға дейін сүйемелдеген дұрыс. Себебі олардың басты міндеті – еңбек нарығын сапалы кадрлармен қамтамасыз ету, – деді А.Бейсекин. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын-дармен жүргізілетін дуалды оқыту жүйесінің де аясы кеңейтілмек. Сонымен қатар, мектептердегі кәсіби бағдар бағытына баса мән берілетін болады. Айта кетейік, келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында Екібастұз қаласында бірқатар инвестициялық жоба іске қосылмақ. Мұнда жаңадан 1500 жұмыс орны құрылады. Оларды да білікті кадрмен қамту қажет.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.