Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары Май ауданында да қарқын алмақ. Осы жылы аудандағы жалпы егіс көлемі 48994,6 гектарды құрайды деп жоспарланған.
Оның ішінде дәнді дақылдар 8672,5 га, майлы дақылдар 500 га, картоп 565 га, көкөністер 42,4, көп жылғы шөптер 37754 га, біржылдық 1460 гектарды құрамақ.
Жалпы, ауданда 14 егін шаруашылығы бар. Олар 48 техника және 62 ауылшаруашылық жабдығымен қамтылған. Шаруашылықтардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы 95 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта техникаларды дайындау және оны ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, жалпы 5700 гектар суармалы жерге «MY Feedlot» және «Май Агро-М» «ҚазСуШар» РМК арқылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы аяқталып, пайдалануға беру актісін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Өткен жылы жалпы 656,6 млн теңгеге 95 техника мен жабдық сатып алынды. Оның ішінде 37 трактор, 1 комбайн, 2 жаңбырлатқыш машина, қосалқы жабдықтар бар. Ал осы жылы қаңтар-наурыз айларында 38,8 млн теңгеге 4 техника сатып алынды.
А.БОРАНБАЕВА.