Алты адам жолдама алды

Сәу 23, 2026

Тереңкөл ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Ауданның Мансап орталығы ұйымдастырған шараға төрт жұмыс беруші қатысқан.

Мансап орталығының аудандық филиалының мәліметінше, аталмыш іс-шара жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған, сонымен қатар алимент бойынша берешегі бар тұрғындарға арналған. Жәрмеңкеге 15-ке жуық жұмыс іздеуші қатысқан. Жәрмеңке барысында орталық мамандары мемлекеттік бағдарламалар жайында да түсіндіріп, мүмкіндіктерін айтып берді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 6 азамат жұмысқа жолдама алған.

Г.МАҒЖАН.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ