«Таза Қазақстан» жобасы аясында Аққулы ауданында «Болашақ үшін бірге көшет отырғызамыз» атты экологиялық акция өтті. Шараға 300-ден астам мұғалім, 900-ге жуық оқушы және 400-ден астам ата-ана қатысты.
Акция барысында әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындардың аумағы тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Қатысушылар қоқыс жинап, оны сұрыптау жұмыстарын да жүргізді. Нәтижесінде жеті тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды, ал пластик, қағаз және шыны қалдықтары қайта өңдеуге жіберілді. Тазалық жұмыстары
тек мектеп аумағымен шектелмей, ауыл көшелері, саябақтар мен ескерткіштер маңын да қамтыды.
Аққулы аудандық білім беру бөліміің әдіскері Әсем Оспанова бұл шараның басты
мақсаты – өскелең ұрпаққа экология
-лық тәрбие беру екенін атап өтті.
— Тазалық жұмыстары барысында гүлзарлар жасалып, қоршаулар әктеліп, аумақтарды абаттандыруға баса мән берілді. Акция кезінде барлығы 350 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 100 түп қарағай, 150 түп шырша, сондай-ақ терек пен қайың көшеттері де бар, – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай бастамалар балалардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Н. ҚАЛЫБЕК.
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
