Тіл мәселесі талқыланды

Сәу 23, 2026

Ақтоғай ауданында облыстық  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – рухани қазына» тақырыбында көшпелі семинар өтті. Аталған шара тіл саясатын дамытуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара барысында көрнекі ақпаратты талапқа сай рәсімдеу, оқыту үдерісінде тілдік нормаларды сақтау, сондай-ақ барлық деңгейде құжат айналымын мемлекеттік тілде сапалы әрі жүйелі түрде жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар бұл бағыттағы өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. Ономастика саласына да ерекше назар аударылып, елді мекендерге, көшелерге және өзге де нысандарға атау беру, тарихи атауларды қалпына келтіру, сондай-ақ қайта атау үдерістерінің өзекті мәселелері кеңінен сөз болды. Сала мамандары қолданыстағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, оларды іске асыру тетіктеріне тоқталды. Қатысушыларға әдістемелік тұрғыда нақты бағыт-бағдар беріліп, тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды. Жиын соңында тіл саясатын дамытуға және оны жүзеге асыруға белсенді үлес қосып жүрген азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. А.БОРАНБАЕВА.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ