Кенттегі келелі істер

Шіл 9, 2026

Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентін көркейтуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Көп кешікпей бірқатар жаңа жобалар жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаевтің айтуынша, ағымдағы жылы кент ішіндегі 1,6 шақырым жол жөнделіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалмақ.

– Қазіргі уақытта №1 және №2 шағын аудан көшелерінде және Астана көшесіндегі №63, 65, 69, 71 үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұған қоса, Астана көшесі №33, 39, 41 және Христенко көшесі №25, 27 мекенжайларындағы аулаларды абаттандыру мен асфальттау жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, кентте жаңа ветеринариялық пункт салынады. Ал келесі жылы халықтың сұранысы бойынша мал қорымының құрылысы бой көтереді, – дейді аудан басшысы. Сондай-ақ, ол Майқайыңға қарасты елді мекендерді дамыту ісі де назарда екенін мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде Үшқұлын ауылындағы көшелер жарықтандырылуда және жергілікті мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуда.

 

Н.ШОДЫР.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ