Тұрғындар пікірі маңызды

Шіл 9, 2026

Аудан әкімі Қадылжан Сәтиевтің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындармен тұрақты кездесулері басталды. Алғашқы жүздесулер Үлкен Ақжар, Қаратерек және Май ауылдарында өтсе, кейін аудан басшысы Саты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауданның жарты жыл ішінде қол жеткізген негізгі көрсеткіштері сараланып, экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар кеңінен таныстырылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары күнделікті тұрмысқа қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, елді мекендердің тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Әрбір сауал назардан тыс қалмай, аудан әкімі мен жауапты сала басшылары тарапынан жан-жақты түсіндірме берілді.

– Әрбір тұрғынның пікірі біз үшін маңызды. Өйткені ауылдың бүгінгі мәселесін тұрғындармен бірге талқылап, ортақ шешім қабылдау ғана тұрақты дамуға жол ашады, – деді аудан әкімі Қадылжан Сәтиев.

 

А.БОРАНБАЕВА.

МАЙ АУДАНЫ