Май аудандық білім беру бөлімінің үйлестіруімен білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң өтті. Шараға 80-ге жуық педагог қатысты.
«Педагогикалық навигация» секциясы аясында мектеп директорлары мен жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар ҰБТ-ға дайындық стратегияларын, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі нәтижелерін жақсарту жолдарын, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелерін талқылады. Одан бөлек, әр пән бойынша заманауи әдіс-тәсілдер ұсынылып, сабақ барысында қолдануға болатын тиімді тәсілдер ортаға салынды. Пікір алмасу барысында педагогтер өз ұсыныстарын білдіріп, тәжірибеде қолданылып жүрген әдістерімен бөлісті.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Май ауданы.
