Екібастұз қаласындағы жылу-электр станциясындағы қазандықтар мен негізгі жабдықтарды жөндеу жалғасуда. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жұмыс сапарымен барып, ЖЭО-дағы, сондай-ақ, магистральдік жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. №11, №12, №13, №14, №15 қазандық агрегаттарында қазандықтардың, оттықтар мен құбырлардың, экрандық панельдердің, шаң құбырларының және т.б. жақтауларын монтаждау және құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 4 жылу магистралін қайта құру жұмыстарының 95 пайызы орындалды. Соңғы кезеңде сильфонды компенсаторлық құрылғылар мен бекіту арматуралары, сондай-ақ, жылу камералары орнатылады. Бұл жұмыстарды 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда көпқабатты 690 тұрғын үйдің 664-і дайындық актілерін алды. Олардың жылу тораптары мен ішкі жүйелері жуылды және нығыздау жұмыстары орындалды. Қалған үйлер бойынша жұмыстар 18 қыркүйекке дейін аяқталады. Облыс әкімі жұмыстардың барлық бағыттары бойынша үйлескен іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтіп, жұмыс қарқыны мен олардың сапасын төмендетпеуді тапсырды. Бастысы, екібастұздықтарға жылу уақытылы берілуі керек екенін қадап айтты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек