Таяуда Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылы Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ел қамын жеген Едіге би» атты оқушылардың облыстық оқулары өтті. Қатысушылар үш бағыт бойынша бақтарын сынады.
Едіге би Төлеубайұлы — (XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басы) қазақтың көрнекті биі. Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі. «Жеті жарғы» заңдар жинағын түзуге қатысушы. «Етегіне ел сыйған Едіге би» деген атпен қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи тұлға.
«Ел қамын жеген Едіге би» облыстық оқулары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баста-
масымен қолға алынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдар-ламасын жүзеге асыру және ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Облыстық оқулар барысында эссе жазу бойынша «Едігедей би өткен», ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша «Етегіне ел сыйған Едіге би», тест жұмысы бойынша «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» секілді секциялар негізінде өтті. Әрбір секциялар негізінде қазылар алқасы құрылып, оларға өңірімізге белгілі ғалымдар, мәдениет майталмандары, өлкетанушы, зерттеушілер, ардагер ұстаздар енді.
Облыстық «Едіге би» оқула-рының негізгі құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы, «Павлодар облыстық өлкетанушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қалымқұлов Рүстембек Төлектемірұлы «Едіге би» өмір сүрген кезеңдегі қазақ өмірінің қоғам-
дық–саяси тарихи хал-ахуалына кеңінен тоқталды. Торайғыров университеті профессоры, фило-логия ғылымдарының докторы, мәшһүртанушы Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы Мәшһүр Жүсіп шығар-маларындағы Үш Едіге, оның ішінде Би Едігеге шолу жасады.
Қазылар алқасының шешімімен облыстық оқулардың қорытындысы былай болды:
«Едігедей би өткен» эссе жазу бойынша бас жүлде Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының
Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Айзере Мылтықбайға, 1-орын Ақсу қаласы Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Хайратбек Назеркеге, 2-орын Павлодар қаласы №3 гимназияның 9-сынып оқушысы Кенжехан Жансұлуға, 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Рүстембекова Айзереге берілді.
«Етегіне ел сыйған Едіге би» ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бас жүлдені Баянауыл ауданы Бірлік ауылының Жылбек Ағаділов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сейітқазы Іңкәр, 1-орын Павлодар қаласы, Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы Дошмат Айсұлтанға, 2-орын Павлодар ауданы Ямышев жалпы білім беретін мектебінің
9-сынып оқушысы Бекен Сабинаға, 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 8-сынып
оқушысы Мұсайла Айшаға бұйырды.
«Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» тест сұрақтары бойынша бас жүлдені Май ауданы Ақшиман ауылы негізгі мектебінің
8-сынып оқушысы Қайсина Бибінұр, 1-орынды Баянауыл ауданы
Д.Рахметов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кенжебеков Аманжол, 2-орынды Павлодар қаласы №3 гимназияның 9-сынып оқушысы Жансұлу Кенжехан, 3-орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Болатжан Інжуна иеленді.
Байқауға қатысушылар арасында «Торайғыр би» номинациясын Мұхамедова Томирис, «Қазанғап би» аталымын Жұмабек Зере (Май ауданы, Қазан жалпы орта білім беретін мектебі), «Айдабол би» номинациясын Армия Нұртірек (Ақсу қаласы, М.Қабылбеков атындағы орта мектеп) иеленді.
«Ел қамын жеген Едіге би» оқулары 2019 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы оқуларға облыстың 6 ауданы мен 2 қаласынан 42 оқушы қатысты. Олар — Павлодар, Ақсу қалалары, Баянауыл, Железин, Май, Шарбақты, Аққулы және Павлодар аудандары. Кейбір аудандар, өкінішке қарай, қатысқан жоқ. Оқуларға қатысушы оқушылар мен жетекшілерінің барлық жол шығындарын (тамақтану, көлікпен жүру) ұйымдастырушылар көтерді. Облыстық сайысқа қатысушы жас түлектер көптеген тарихи әңгімелер тыңдады. Ең маңыздысы, «Едіге бидің билік тасы», «Қазыбек бидің сөре тасы» секілді тарихи орындарды көріп, тамашалап қайтты. Сөйтіп, оқушылар өлшеусіз рухани байлық алып, көкірек көздері ашылып келді деген ойдамыз.
Өз тілшіміз.
