Павлодар қаласының кітапханаларында 2022 жылдан бастап «Кешкі кітапхана» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жоба арқылы оқырмандар, оның ішінде жастар кітапхана қызметтерін алу үшін тиімді уақыт шеңберін пайдалануға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, жас мамандар мен шығармашыл зиялы қауым жұмыстан кейін, студенттер мен оқушыларға оқу процесінен тыс мезгілде өз қызығушылықтарына қарай кездесулер мен диалог алаңында әдеби талқылауларға қатысуға, жаңа нәрсені үйренуге, қызықты шығармашыл адамдарды тыңдауға жағдай жасалған.

«Кешкі кітапхана» жобасының туындауына түрткі болған себептердің бірі – келушілерге тиімді уақыт кестесін құру. Кездесулердің бағдарламалары жастар аудиториясы үшін қосымша білім беру және ойын-сауық, танымдық іс-шараларды қамтып, оларды ең қолайлы уақытта ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда өлкеміздің танымал ақын-жазушылары мен басқа да салада еңбек ететін адамдары жаңа ғана үлкен жолға қадам басқан жастармен тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін ортаға салып отырды.

Бұл жұмысты ұйымдастыруға кітапханалардың жас қызмет-керлері, қала еріктілері, шығармашыл жастар жұмыла атсалысып келеді. Кітапхана жас қаламгерлер, өлкенің танымал ақын-жазушылары мен журналистердің кездесу алаңына айналды. Павлодар орталық кітапханасында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерінен құралған «Құс қанат ғұмыр» клубының жас қаламгерлері еркін форматта бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, өздерінің ақындық қасиеттерін шыңдап, шығармашылық дарындарын ұштап, патриоттық сезім-дерін арттыруға жол ашып келеді. Жас оқырмандарға тақырыптық көрмелер, конкурстар, интеллектуалды ойындар мен тренингтер, консультациялар, семинарлар, қолөнер шеберлерінің жұмыстары мен әртүрлі тақы-рыптарға байланысты кітап көрмелері де ұйымдастырылуда. Кешкі кітапханада өткен әртүрлі тақырыптардағы кездесу кештер әлеуметтік желідегі парақ-шаларда тіркеліп, тікелей эфирде
көрсетілді.

2024 жылғы жоспарға сәйкес қаламыздың кітапханалары «Кешкі кітапхана» жобасының жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындары мен кітапханаларымыздың оқыр-мандарын алдағы уақытта осы жоба аясында ұйымдастырылатын түрлі тақырыптағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Қарлығаш ТЫНЫБАЕВА,

Орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.