Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты ауқымды семинар-тренинг өтті. Аталған шараға мүдделі мемлекеттік органдар, полиция қызметкерлері, еріктілер жасағы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызме-тінің мәлімдеуінше, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі — ерлі-зайыптылар арасында болатын жанжал. Есепте тұрған мұндай отбасыларды құқық бұзушылар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында полицейлер үнемі тексеріп отырады. Бүгінгі таңда 4887 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

— «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты халықтың қалың тобын тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасымен таныстыру, әйелдерді құқықтық ақпа-раттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Тақырыпты талқылау барысында отбасылық-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді. Іс-шара қонақтары үкіметтік емес ұйымдардың жұмысымен танысты, сондай-ақ, жас спортшылармен өзін-өзі қорғау бойынша әдіс-амалдар көрсетілді, — деп хабарлады поли-ция департаментінің баспасөз қызметі.

Өз тілшіміз.