Президент әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Хасар Хабылбеков облыс орталығының басшысы атанды. Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Аймақ басшысы Асайын Байханов облыс орталығы әкімінің жұмысының басым бағыттарын айқындап, қызметіне табыс тіледі.

— Павлодарды одан әрі дамыту, абаттандыру, қала тұрғындарының өмірін жақсарту жұмыстардың басым бағыттары болуы тиіс. Ең алдымен, жылу беру маусымының басталуын және оның штаттық режимде өтуін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, қала әкімдігінің жұмысында халықтың өтініштеріне белсенді және уақытылы жауап беру, мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау және мердігерлердің жұмысын қатаң бақылау қажет, — деп атап өтті Асайын Байханов. Хасар Хабылбеков 1986 жылы туған. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Қаржы», 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдады. «Техника және технология» магистрінің дәрежесі бар. Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. 2016 жылы «Казстрой Инжиниринг ПВ» ЖШС директоры болды. 2017 — 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппара-тының бас инспекторы, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымдарын атқарды. 2021 жылы Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2021 жылдың маусым-тамыз айларында Павлодар облысы құрылыс басқармасының   басшысы болып қызмет етті. 2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың желтоқ-санына дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Өз тілшіміз.