«Қазақстан барысы» турнирінде жасындай жарқылдап, қола жүлдеге ие болған Мұхтар Дәлелханға жерлестері лайықты құрмет көрсетуде. Облыс әкімі Асайын Байханов балуан мен бапкерін жеке қабылдап, сый-сыяпат көрсетті.

Мұхтарға темір тұлпар мінгізсе, бапкеріне 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Аймақ басшысы сый-сыяпат облыстың жомарт азаматтарының атынан екенін атап өтті.

– Біздің спортшымыздың осындай деңгейдегі жарыстарда жетістіктерге жетуіне Майқайың кенті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан тәлімгер-жаттықтырушысы Амангелді Райдың да еңбегі зор. Біз палуанымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Мен оны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын және «Әлем барысы — 2023» жарыстарында табыс тілеймін! – деді А.Байханов.

Оралхан ҚОЖАНОВ.