Павлодарлық грэпплерлер Варшавада жеңіске жетті. Дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген 800 грэпплер өзара бақ сынасты.

Облыстық спорт басқар-масының хабарлауынша, 21-24 тамызда Польшада грэпплинг және грэпплинг гиден күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында павлодарлық спортшылар бес медаль жеңіп алды. Павлодар облысының тумасы Имран Мағзұм U17 санатында екі бөлім бойынша екі дүркін Әлем чемпионы атанса, ал Бекей Мирас U20 санатында чемпион атағын алды. Савелий Казаков ерлер арасында және 20 жасқа дейінгі жастар арасында екі қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, Савелий – ұлттық құрама сапында екі жас санатында жүлдегер атанған жалғыз спортшы.

– Бұл  –  біз үшін биылғы жылдың маңызды бастамалардың бірі. Төрт қатысушы-мыздың барлығы 100 пайыз нәтиже көрсетті. Тек біреуі ғана жеңіс тұғырынан көріне алмады. Спортшылар қиын ірік-теуден, оқу-жаттығу жиынының бірнеше кезеңінен өтті. Келесі мақсатымыз – дүниежүзілік жекпе-жек ойындары, – деп атап өтті спортшылардың жаттықтырушысы Зайырбек Абылқадыров.  Павлодарлық спортшылардың арқасында Қазақстан құрамасы U17, U20 жас санатында бірінші жалпыкомандалық, ал ерлер мен әйелдер арасында екінші орынды иеленді.

 

Өз тілшіміз.