Жер-Ананы қалай күтіп-баптасаң, одан алатын өнімің де соншалықты мол болатынын білеміз. Яғни, егілген егіннен сапалы әрі мол өнім жинау үшін топырақ құрамында өсімдіктерге қажетті органикалық және минералды тыңайтқыш жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Алайда тағам қауіпсіздігі ғаламдық мәселеге айналған бүгінгі заманда минералды тыңайтқыштарды пайдалану да айрықша назарды талап етеді. Бүгінгі таңда бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Жергілікті диқандар минералды тыңайтқыштарды пайдалануда қолдауға ие ме? Тарқата кетейік…
Естеріңізге сала кетсек, былтыр Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбек-керлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде агротехнологиясы дамыған озық елдердің деңгейіне ұмтылып, импортқа тәуелді болуды азайту керектігін айтты. Президенттің сөзінше, бізде минералды тыңайтқыштардың аз қолданылуы отандық агросектордағы өзекті мәселеге айналып отыр.
— Біз агротехнологиясы дамыған озық елдердің деңгейіне ұмтылуымыз қажет. Өзімізде шығарылатын тыңайт-қыштар ауыл шаруашылығын толық қамтамасыз етпейді, сұраныстың жартысын ғана өтейді. Қазір елімізде құны 4 миллиард доллар болатын ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында 7 миллион тонна минералды тыңайтқыш өндірілмек. Осылайша біз ішкі нарықты толық қамтамасыз етеміз, ал артығын экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек органикалық тыңайтқыш өндірісін дамыту маңызды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінгі таңда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу бойынша қызмет көрсететін, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтары бар жаңа аккредиттелген зертханалар ашылуда. Қазіргі уақытта республикада тыңайтқыш өндіретін 12 зауыт жұмыс істейді. Олардың негізгілері – «Қазфосфат» ЖШС мен «ҚазАзот» АҚ. Сонымен қатар, Павлодар облысында «Агро Тамыр» ЖШС жергілікті шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде ауқымды жұмыс атқаруда. Аталмыш тыңайтқыш өндіретін агрокомпания өнім көлемін арттырып, химиялық қоспасыз тыңайтқыш түрлерін көбейтуді көздеп отыр.
Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2024 жылы Павлодар облысы бойынша минералды тыңайтқыштарды жөнелту көлемі 65 529 тоннаны құрады, бұл — өткен жылға арналған жоспардың 70 пайызы. Ал, ағымдағы жылы облыста жол картасы бойынша ғылыми негізделген қажеттілікке сәйкес минералды тыңайтқыштарды жөнелту көлемі 122 351 тоннаны құрайды. Бүгінгі күні бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2024 жылы облыстық бюджеттен 3 565 960 мың теңге бөлінді, минералды тыңайтқыштарды енгізу алаңы 31,8 мың тонна тыңайтқышты пайдалана отырып, 342,6 мың гектарды құрады.
— Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 64-тармағына сәйкес тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары сатушылардың және олар өндіретін (өткізетін) тыңайтқыштардың жеткізушілер тізбесінде және олар ұсынатын баға ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады. 2025 жылға облыстық бюджеттен 1 027 345 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделген, минералды тыңайтқыштарды енгізу алаңы 12,0 мың тонна тыңайтқышты пайдалана отырып, 91,1 мың гектарды құрайды, —
деді баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқар-масының баспасөз қызметі республика бойынша тыңайт-қыштың ең төменгі құнын айқындау үшін тиісті өңірдегі жеткізушілер тізбесінде бар тыңайтқыштардың түрлеріне (әсер етуші заттардың құрамын көрсете отырып) арналған бағаларды ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін және тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгі-зетінін жеткізді.
Ғалымның айтуынша, егіннің өнімділігін және сапасын арттыру үшін тек қана минералдар емес, сондай-ақ, органикалық тыңайтқыштар да қатар қолданылуы керек. Мал басынан арылған көңдерді, бұршақ дәнді дақылдарды тыңайтқыш ретінде пайдалану оң нәтиже бермек. Жер құнары кеміп, егістік өнімдері сапасының төмендеуінің бір ұшы елімізде дамуы кенжелеген ауыл шаруашылығы ғылымына келіп тірелері сөзсіз. Өйткені ғылымды дамытпай, саланы алға жылжыта алмасымыз белгілі.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.