Тереңкөл ауданы Әулиеағаш ауылдық округінің әкімдігінде биыл референдумда қабылданған ҚР Конституциясын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, басты құжаттың негізгі ережелері мен жаңалықтары айтылды.
Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, әдістемелік ұсынымдарда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, конституциялық өзгерістерді біркелкі түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ, олардың мазмұнын қоғамның кең тобына тиімді жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған.
Кездесу барысында Ата заңның Әділетті Қазақстан қалыптастыруға бағытталғаны айтылған. Сонымен қатар, мемлекеттікті ныңғайтуға, адам рөлін, оның құқықтары мен бостандықтарын жоғарылату, билік жүйесін жаңғыртуға мән берілгені де түсіндірілген. Құжатта қазіргі заманның және қоғамның сұранысын ескере отырып, ел дамуының ұзақмерзімді құндылықтары мен стратегиялық бағдарын бекемдей отыра, қайта құрылған.
Негізгі заңды түсіндіру барысында құжаттың преамбуласында халық бірлігіне, «Заң мен тәртіп» қағидаттарына, қоғамдық келісімге, тұрақты дамуға маңыз берілгені де жеткізілді. Ғылымға, білімге, мәдениетке, инновация мен экологиялық жауапкершілікке қолдау да назардан тыс қалмаған. Осылайша, преамбула кіріспелік қана емес, жүйеқұраушы функцияны атқарып тұрғаны айтылды.
Конституцияда мемлекет қызметі қағидалары айтарлықтай кеңейгені де сөз болды. Яғни, оған егемнедікті қорғау, адам құқығын, заң үстемдігін сақтау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, еңбекқорлықты, білімді, экологиялық мәдениетті, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны қолдау кіреді. Ал адами капиталды, ғылымды, білім мен инновацияы дамыту мемлекет саясатының стратегиялық бағыттары деп танылған. Сонымен қатар, мемлекеттік билік жүйесінің реформаланғанына да тоқталды. Осы және өзге де бірқатар негізгі өзгерістер әкімдікте түсіндірілген. Жаңа ережелер орнықты экономикалық өсімге, тұрақтылыққа және қоғамдағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Г.МАҒЖАН.
