20-27 мамыр күндері Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында армрестлинг спорт түрінен Азия чемпионаты өтті.

Жарыста Азияның 30 мемлекетінің үздіктері өзара күш сынасты. Қазақстанның намысын қорғауға Май ауданынан екі ардагер спортшы қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, 67 жастағы Шыған ауылының тұрғыны Тавис Шиябутдинов 70 кг салмақ дәрежесінде (60-69 жас арасында) Май өңірі тарихындағы армрестлинг спорт түрінен алғашқы «Азия жеңімпазы» атанды. Кеңтүбек ауылының спорт нұсқаушысы Валитов Руслан 100 кг салмақ дәрежесінде (40-49 жас арасында) Азия чемпионатының 4 дүркін қола жүлдегері атанды.

Спортшылардың жарысқа қатысуына «АМАNAT» партиясы Май аудандық филиалының атқарушы хатшысы Серік Солтанов, спорт ардагері  Ақылбек Адамжанов, «Ақшиман-Агро» ЖШС басшысы Бауыржан Өтепбергенов және «Мойнақ-2015» ЖШС басшысы Мирлан Бекеев демеушілік етті.

 

Өз тілшіміз.