Аймақ басшысы Асайын Байханов ұсақ масаның көптігіне, әсіресе Усолка, Дачный шағын аудандары, Жаңауыл кентінде және т. б. аймақтарда таралуына шағымдардың жиілеп кеткенін атап өтті. ⠀

Мердігердің айтуынша, жайылманы өңдеу масалардың дернәсілдерін улау бойынша оң нәтиже берді. Сонымен қатар, маса дернәсілдерінің жетілуі кейінірек болды. Өткен аптада инелік құртына зиян келтірмеу үшін дезинсекциялық жұмыстар үш күнге тоқтатылған еді. Енді инеліктер жақын арада ұшып шығады деп күтілуде. ⠀

Бүгінгі таңда жайылманы өңдеу қайта жанданды. Қазірдің өзінде қанаттанған масаның ұшып кетуіне жол бермеу үшін жағалау сызығын тосқауылдық өңдеу жүргізілуде. Оның тиімді нәтижесіне қол жеткізу үшін 2-3 күн қажет.  Облыс әкімі әзірленген алгоритмді нақты сақтай отырып, өңдеу жұмыстарын қысқа мерзімде сапалы түрде жүргізуді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген — Валерий Бугаев