Емдеу орны жаңарды

Мау 20, 2024

Соңғы жылдары ауданның денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе, ауылдарда медициналық бөлімшелер жаңарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мән беріліп отыр.

Күні кеше Қараоба ауылында фельд-шерлік-акушерлік бөлімше күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Ақтоғай аудандық аурухана басшы-сының міндетін атқарушы Мадина Сабырованың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары биыл 18 сәуірде басталған. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 68 млн теңге қаражат бөлінген.

— Ғимараттың қабырғасы ғана қалып, еденнен бастап төбеге дейін барлығы жаңа кейіпке енді. Нысанда ауыл тұрғындарына қажетті қондырғылармен жабдықталған бөлмелер бар. Енді науқастар аудан орталығына бармай-ақ ауылдың өзінде алғашқы медициналық көмекті ала алады, — деді ол.

 

Өз тілшіміз.