Ауданның Веселая роща ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында мектеп пен мәдениет үйі жөнделіп, бес көшесіне асфальт төселді. Оған қоса, ауыл кітапханасы жанынан коммуникация орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Райхан Усина жайлы орын ауылдықтардың уақыттарын тиімді өткізуіне септігін тигізетінін сенім білдірді. Железин ауданының орталықтандырылған кітап-ханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Алмагүл Балтабаеваның айтуынша, ауданда мұндай бес орталық бар. Зеленая роща ауылында ашылған орталықта ауылдың үлкені мен кішісі келіп, интернет желісін пайдалануына, кітап оқып, түрлі ми жаттығуына қажетті ойындар ойнауға мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар, клубтардың отырыстарын ұйымдастырып, пікірсайыс өткізуге де қолайлы. Ауылда жаңа кейіпке енген мәдениет үйінің қызметкерлері де жасалған жақсылыққа дән риза. Мәселен, мәдениет үйінде құрылған «Ана әлемі» ұйымының мүшесі Тілектес Айтбаева сахнасына сән кіріп, алаңсыз түрлі кештер ұйымдастыруға жағдай жасалғанына қуанышты. Осылайша, бір бағдарлама білдей бір ауылдың ажарлана түсуіне ықпал етті.

Г.МАҒЖАН.