Ақтоғай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұсынған мәліметінше, сенбіліктің алғашқы аптасында барлық ұйымнан 100-ге жуық қызметкер қатысты. Олар белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын өткізді.

Жұмыстар барысында көшелер қоқыстардан тазартылды. Ақтоғай ауылдық окру-гінде көліктердің жылдамдық бәсеңдеткіштерін орнату, ақтау, ағаштарды кесу бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу обелискісінің аумағы жиналды.

А.БОРАНБАЕВА.