Жабағылы орта мектебін осыдан 40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері білім ордасына ерекше  сый-сыяпат көрсетті.

Түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектер үш сыныпқа парта жиынтығын тарту етіп, мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуына үлес қосты. Қаржылай сертификат, интерактивті тақта және музыкалық бағанды да қоса сыйлады.

Жабағылы негізгі мектебі сонау 1965 жылы 8 жылдық болып ашылған.

-Биыл мектеп бітіргенімізге 40 жыл толып отыр. Ең көп оқушы біздің сыныпта болатын. Алтын ұямызға оралып, балалық шағымызды еске алдық. Мектептегі сәттер ешқашан ұмытылмайды. Ұстаздарымыз мәңгі жадымызда. Сондықтан 40 жылдық түлектердің атынан сый-сыяпат тарту етуді міндетіміз деп санадық. Білім алып жатқан ұрпағымыз оқуда озат болып, еліміздің өркендеуі жолында еңбек ететін маман иелері атансын, – дейді Толқын Кішкентаева.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.