Өрт қауіпті және шомылу маусымы кезінде төтенше жағдай-
дың алдын алу мақсатында Павлодар ауданының таби-
ғатты қорғау полициясының инспекциясы профилак-тикалық іс-шара өткізді.

Павлодар ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторы Жангелді Ерзалдың мәліметінше, рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. Кезекті профилактикалық іс-шара Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандарымен бірлесіп жүзеге асырылды.

– Рейдтік іс-шаралар орман шаруашылығымен шектесетін ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өтті. Іс-шаралар барысында аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көрнекі үгіт материалдары таратылды. Павлодар ауданының полиция бөлімі аудан тұрғындарына орман мен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады, – деді инспектор.

 

А.МҰҚЫШЕВ.