Екі аптадан кейін еліміз бойынша аудан әкімдерінің сайлауы өтетіні белгілі. Облысымызда бұл саяси науқанға пилоттық негізде үш ауданымыз қатыспақ.

Естеріңізге салайық, Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарының тұрғындары әкімді өздері сайлайды. Осы орайда Железин ауданындағы сайлау учаскелерінің дайындығы жайлы білген едік. Железин аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Алтын Кәрімованың айтуынша, 15 қазаннан бастап учаскелер жұмысын бастаған. Ауданда 33 сайлау учаскесі құрылған. Оның төртеуі — аудан орталығында. Қалғаны ауылдық елді мекендерде орналасқан. Аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына 171 адам жұмылдырылған. Саяси науқанды талапқа сай өткізуге қажетті барлық жабдықтар алынған. Айта кетейік, ауданда 10 443 сайлаушы бар. Қазіргі таңда учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылар тізімін реттеуде.

Г.МАҒЖАН.