Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асайын Байханов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты және инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.
Асайын Байханов өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады.
— Біз үшін Германия — облыстың Еуропа елдері бойынша негізгі сауда серіктестерінің бірі. Облыста қызмет көрсету, өндіру және қайта өңдеу саласында неміс тарапының қатысуымен 80 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы үш жылда Германиямен тауар айналымы шамамен 120 млн долларды құрады, — деп атап өтті аймақ басшысы. Сондай-ақ, неміс серіктестерімен сауда қатынастарында Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация, мұнай-химия зауыты сияқты қала құраушы кәсіпорындар бар. Моника Иверсен неміс тарапының ынтымақтастыққа мүдделі және инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Серіктестіктің алдағы уақытта да белсенді дамитынына сенім білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген — Валерий Бугаев.