Ғасыр жасаған жауынгер

Мам 7, 2026
Photo Valeriy BUGAYEV

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Василий Григораш биыл 100 жасқа толды. Василий Григораш 1926 жылғы 21 ақпанда Алтай өлкесінің Гурлинка ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтағаннан кейін Қызыл Армия қатарына шақырылып, Забайкалье әскери округінің 293-дивизиясы құрамында аға сержант ретінде соғысқан, бөлімше командирі болған.

Оның жауынгерлік ерлігі II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен мара-патталған.

Ұлы Отан соғысы кезінде оның жасы 17-де болған. Соғыстан кейін Павлодар өңірінде қалып, жарты ғасырдан астам уақыт локомотив депосында еңбек еткен.
Ел игілігіне жұмыс жасап, жолаушылар пойыздарын жүргізген. Оның бұл ғұмыры нағыз елі үшін еңбек етуге даяр қаһарманның үлгісі.

Мерейтой иесі 100 жасқа толған мерейтойында көрсе-тілген құрмет пен жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, әскери қызметшілерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Ол ең бастысы — бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтау екенін атап өтті.

Сара ӘБДОЛ.