Көршілес Абай облысындағы орман алқабында орын алған алапат өрттен соң біздің өңірдегі мекемелер өртке қарсы дайындық шараларын тағы бір пысықтап алды. Тілсіз жаудың алдын алу үшін атқарылуы тиіс жүйелі жұмыстарды сүзгіден өткізіп, материалдық-техникалық базаны нығайтуға мән берді.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен жиын көрші аймақта қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Аймақ басшысы мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Шарбақты, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандарындағы барлық орман қорғау мекемелері, сондай-ақ Баянауыл ұлттық паркі мен «Ертіс орманы» резерваты тексерілген болатын. Олардың жалпы ауданы 127,5 мың гектарды құрайды, оның 89,8 мың гектары — орман.
Орман шаруашылықтарында барлығы 225 адам еңбек етеді. Олардың қатарында 144 инспектор бар. Бүгінде өңірдегі орманшылықтарды өртке қарсы техникамен жабдықтау 62 пайызды, өртке қарсы нысандармен қамту 31 пайызды құрап отыр. Биыл облыстық бюджет есебінен үш өрт сөндіру автоцистернасын, 11 ағаш отырғызу көлігін және алты соқаны сатып алу үшін 355,2 млн теңге қарастырылды. Осы уақытқа дейін бір өрт сөндіру көлігі мен барлық жабдықтары жеткізілді. Алдағы бір ай көлемінде тағы екі автоцистерна қолданысқа берілуі тиіс.
– Табиғи өрттердің себеп-терін талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттердің 50 пайыздан астамы адамдардың жауапсыздығы салдарынан туындайды. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, оларды бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, өрт туындаған кезде барлық жауапты органдардың іс-қимыл алго-ритмін қайта қарау керек, – деді А.Байханов.
Бұл ретте аймақ басшысы Президенттің ормандағы отты ерте анықтау жүйесін енгізу және жедел сөндіру үшін сумен жабдықтау көздерін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын шұғыл орын-дауға ерекше назар аударды. Бұл бағытта бірқатар шара жасалды. Атап айтқанда, Ақмола облысының тәжірибесі бойынша өртті уақытылы анықтауға және оларды ерте сатысында жоюға мүмкіндік беретін дербес бейне-бақылау тіректерін орнату мәселелері шешілуде.Өрт қауіптілігі жоғары және төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік орман қоры тәулік бойы ауысыммен күзе-тілетін болады. Сондай-ақ, өңірдің барлық ауылдық округінде минералданған жолақтарды жаңарту жұмыстары, өрт сөндіру бекеттеріне тексеру жүргізіледі. Оған қоса, облыстың ірі кәсіпорындарымен бірге электр желілері, құбырлар мен республикалық маңызы бар жолдар өтетін жерлерде өрттерді сөндіру, басқа да күтпеген жағдайлар кезінде көмек көрсету мәселесі пысықталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.