Әр адамның өз туған жері, өлкесі бар. Өз Отанын қадірлеу – әр азаматтың парызы. Алайда өз өңірінің қасиетті жерлерін, тарихи тұлғалары, өндірістік салалары жайлы барлығы бірдей біле бермейді.

Үш сыныпты біріктірген «Алау» шаңырағы бір апта бойы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрлі түрде жүзеге асырылатын «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясына қатысты. Соның аясында өңіріміздің бірқатар жерінде болдық. Мен осы жоба арқылы Павлодар облысының тарихи тұлғалары, мәдени жерлері, мұражайлары, туристік аймақтары және өндіріс салалары жайлы тереңірек білдім.

Тарихи тұлғаларға тоқталсақ, Баянауыл өңірінде ұлы академик, геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайда ғалымның еңбегі жайлы пайдалы ақпаратты алдым. Өз өлкеміздің тұлғалары жайлы көбірек білуге, тануға мүмкіндік ашылды. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп, Шәкен Айманов сияқты тұлғалардың өмірімен таныстық.

Жоба аясында өндіріс орында, шаруашылығы жайлы ақпарат білу өте маңызды болды. Біз бірнеше күн қатарынан Павлодар өңіріндегі мұнай-химия зауыты, сүт өндіру кәсіпорны сияқты нысандарға барып, тыныс-тіршілігін көрдім.

Жалпы, «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы NIS оқушылары үшін маңызды және пайдалы. Жоба арқылы жүздеген оқушы бүкіл Қазақстан бойы саяхаттап, көкжиегін кеңейтеді.

Маржан ОРАЛ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.