Ақтоғайлықтар Ұлы Жеңістің 79 жылдығын жаңартылған обелискінің жанында қарсы алды. Ауыл азаматтары ескерткішті жаңарту туралы ой көтеріп келген еді.

Ұлы Отан соғысы мен оның батырларына арналған ескерткіш 1970 жылы Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай ашылған. Алайда бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеуден және жаңартудан өтпеді. 54 жылдан кейін ескерткіш толығымен қалпына келтіріліп, мәрмәр тастармен жаңартылды. Ескерткіш облыстық мәслихат депутаты А.Терентьевтің бастамасымен және өз қаражаты есебінен жөнделді. Алдағы 80 жылдық мерейтойға орай келесі жылы ескерткіш пен іргелес аумақты абаттандыру бойынша көптеген жұмыс жоспарлануда.

 

А.БОРАНБАЕВА.