Облыс әкімі Асайын Байхановтың жыл сайынғы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен дәстүрлі кездесуі «Шаңырақ» орталығында өтті.

Аймақ басшысы өңірдің шығармашылық әлеуетін атап өтіп, кездесуге қатысушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

– Өскелең ұрпақ сіздердің жазған шығармаларыңыздың негізінде өздерін танып, ойларын қалыптастырады. Сіздердің адамзат әлемінің рухани және мәдени әралуандылығын жеткізуде еңбектеріңіз ерекше, – деп атап өтті аймақ басшысы. Асайын Байханов мәдениет, әдебиет және өнерді дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін шығармашылық зиялы қауымға әдеби сыйлықтар, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. Облыс әкімінің арнайы марапаты «Хабар» арнасында 20 команда арасында өткен жыр додасында екінші орын алған өңірдің айтыскерлеріне табысталды. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің жаңа идеялары, ұсыныстары, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, облыс басшылығына шығармашылық мамандықтағы жандарға қолдау көрсеткені және оларға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.