Month: Тамыз 2023

Олқылықтар бар

Ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасына қарастырылған қаражат тиімді жұмсалуы тиіс. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Алайда, аймағымызда аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда шикіліктер бар екені байқалады. Сонымен қатар,…

Қарақұрт неге қаптады?

Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылындағы тау-тастың арасында қарақұрттың қаптап кеткені жайлы бейнежазба жарияланған болатын. Бұл жөнінде біз де мамандардың пікірін біліп, газетімізде мәселе көтерген едік.…

Ысыраптан су да сарқылады

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында суды пайдалану жөнінде түйткілді мәселе жетерлік. Таусылмайтын табиғи ресурс болмайды. Тіпті, «судың да сұрауы бар». Осы орайда Үкіметке тіршілік көзінің әр тамшысына тиімді жүйе құру аса…

Ақтоғайдағы ажарлы істер

Биыл Ақтоғай ауданында атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Қай ауылға барсаңыз да жаңашылдықты табасыз. Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде елді мекендердің ажары мен ғажабы арта түскен. Тұрғындардың жүзінен-ақ ауылдың көркейіп келе жатқанын…

Төрт түліктің терісін жерге көміп, жүнін қоқысқа тастау қалыпты құбылысқа айналып барады. Иә, қолда бар шикізаттың қадіріне жете алмай жүргеніміз рас. Ұлттың брендіне айналуға тиіс шикізаттың құрттың жемтігіне айналғаны өкінішті-ақ.…

Сауалдарға – толымды жауап

Облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақ басшылары жылына бір рет аудан тұрғындары алдында есеп беруге міндетті. Тұрғындар да бұл кездесуді асыға…

Шалғай ауылдардың шырайы кіруде

Өткен аптаның соңында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Баянауыл ауданына барды. Аймақ басшысы бірқатар елді мекендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Алдымен аймақ басшысы Жүсіпбек…

«Мәдени кіндік» – тарихи мекен

Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы қарсаңында «Мәдени кіндік» мекеніне белгітас орнату және айналасын қоршау, Жүсіпбектің ата-бабасы, туысқандары жатқан зират маңайының қоршауын дұрыстау, тұлғаның туған жерінде 1989 жылы орнатылған белгітасты ретке келтіру,…

Байқауда үздік атанды

Алаштың ардақты ақыны, жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай Баянауыл кентінде ақын атындағы Мәдениет үйінде «Шығамын тірі болсам адам болып» атты республикалық көркемсөз оқулары болды. Сайысқа еліміздің…

«Алаш туы астында…»

ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі, «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болған» ақын, Алаштың ардақтысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай дүбірлі той өтті. Ұлы тұлғаның есімін ұлықтауға…