Амелия Звягина – музыка мектебінің оқушысы. Жуырда облыстық музыка фести-валінде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді.

 

Музыка және балалар өнер мектептері ұжымдарының аудандық, қалалық іріктеу турларының қорытындысы бойынша өткен 56-ншы облыстық фестиваль-конкурсына Павлодар, Екібастұз қалалары, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл, Баянауыл, Ақтоғай аудандарынан 196 бала қатысты. «Хор ұжымдары» аталымында алты хор ұжымы құрамында 165 бала, «Жеке орындау» аталымында үш топта 31 қатысушы бақ сынады. Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебі атынан конкурсқа 73 қатысушы – екі хор ұжымы және 14 жеке орындаушы қатысты. Конкурстың шарты бойынша қазылар алқасы кәсіби орын-даушылықты, көркемдік техникалық шеберлік пен сахна мәдениетін ескерді. Тоғыз жасар Амелия Звягина I орынға ие болып, үздік деп танылды. Ол фортепиа-нода И.Бахтың, Й.Гайднның шығармаларын, ұлы Абайдың Т.Жангуттинаның өңдеуіндегі «Қараңғы түнде тау қалғып» шығармасын орындады.

– Амелия өте күрделі және қызықты бағдарлама дайындады. Оны қазылар алқасы жоғары бағалады. Бұл нәтиже – оқушымның үлкен еңбегінің жемісі, күнделікті сабақтары және қызықты шығармаларын көрерменмен бөлісуге деген ұмтылысы, – дейді педагогы Елена Попова. Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық жеке орындаушылар 9 жүлделі орынға ие болды: І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 2. Жеңімпаздар мен жүлде-герлер түрлі дәрежелі дипломдармен, лауреаттарды дайындаған педагогтар облыстың білім беру басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Бас жүлде және I орын алған қатысушылар Павлодар облысының атынан қашықтық форматта өтетін 56-ншы республикалық жас музыканттар конкурсына қатысады.

Өз тілшіміз.