Оқушылардың жазғы демалыстары қызықты болсын деген оймен жыл сайын облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайы мектеп жанындағы лагерьлер үшін қызықты бағдарламаларды ұйымдастырады.

 

Қосымша білім беру жүйесіндегі балалар лагерінің білім беру ортасы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің шығар-машылық әлеуеті, жалпы шығармашылық қабілеттері ашылады. Жаз айында «Жаз bala Fest» балалар лагері жұмыс жасап, 7000-ға жуық оқушы қамтылады. 6-15 жас аралығындағы «Каникулы в Джуманджи» атты лагері балалардың сүйікті мекеніне айналды. Бұл жерде оқушылар өз қалаулары бойынша үйірмелерді таңдап, тілдерді үйреніп, кинолекторий, бассейн, планетарийге барады. Оқушылар сарайының педагогтары лагерь балаларына шеберлік сабақтарды және білім беру-сауықтыру іс-шараларын әзірледі. Ғылыми-техникалық, астрономиялық, экологиялық, көркемөнер, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бағыттары бойынша 50 студия мен клубтардың есіктері балаларға айқара ашық. Аталмыш орталықта «Калейдоскоп» театр студиясының жас актерлері «Песочница», «Алиса в стране чудес», «12 месяцев» атты спектакльдерді қойды. Ертегі әлеміне енген көрермендер жас актерлердің кәсіби ойынына қызығушылықпен қарады. «Шебер қолдар» ұлттық сәндік-қолданбалы өнері бойынша сабақ өте қызық болды. Оқушылар өз қолдарымен шашбау, білезік, шолпы және ұлттық нақышта әшекей бұйымдар жасады. Кішкентай қылқалам шеберлері «Жаз бояулары», «Қыш шеберханасы» атты сабақтарда сурет салды. «Creative» шаштараз өнері сабағында кішкентай ханшайымдар шаш өру, оны күту туралы көп мағлұмат алды. «Биле, балақай» шеберлік сыныбында заманауи билерден сабақтар өткізілді. Ойын алаңдарында балалар ұлттық ойындарды ойнап, ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсете білді.   Ең ізденімпаз оқушылар үшін «Мұражай зерттегіштері» атты қызықты квест-ойындар өткізілді. Балалар «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жәді-герлерімен танысты. Ойын барысында балалар әлемдегі танымал он мұражай туралы фильмді көріп, олардың құрылу тарихымен танысты. Ойынға қатысушылар қызықты тапсырмалардың бірнеше кезеңінен өтті. Ғылыми-техникалық бағытта балаларға қызықты бағдарламалар дайындалып, әр бала өзіне ұнайтын істі тапты. Балалар «Пиксель-арт стиліндегі үш өлшемді иллюст-рация», «Қала жағдайындағы заманауи жасыл технологиялар» және «Таңғажайып робототехника» шеберлік сабақтарында көп нәрсені үйренді. Мұндай сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтеді және пайдалы дағдылар қалыптасады. Робототехника клубында балалар роботтарды жинап, Lego Education (LEGO Education) арнайы бағдарламасын оқыды. Бұл LEGO білім беру конструкторларының сериясы коммуникативті дағдыларды, ұсақ моториканы және қоршаған әлеммен танысуды дамыту үшін арнайы әзірлеген. Жазғы демалыс – баршамыздың асыға да ерекше күтетін мезгіл-деріміздің бірі. Ал балалар үшін ерекше қуаныш. «Бала – біздің бола-шағымыз», демекші балалардың көңіліне қуаныш ұялату – әрбір азаматтың міндеті. Оқушылар сара-йында балалардың лагерьде өткізген күндері естеліктерге толы болып, ұмытылмас әсер қалдырды деп үміттенеміз.

Асем АИПОВА,  

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, Павлодар қаласы.