1970-1980 жылдары газет өз оқырмандарына экономикалық реформаның барысын, демок-ратия мен жариялылықты, ша-руашылық органдарының, қо-ғамдық ұйымдарды қайта құру жағдайындағы жұмыс тәжірибе-сін неғұрлым кеңінен көрсетуді, азық-түлікпен жабдықтау, ұлта-ралық қатынас, экология және т.б. мәселелерді шешуді жүзеге асыруға себепші болуды міндет етіп қойды. Газет облыстың экономикалық, мәдени-әлеуметтік өмірін кеңінен жаза отырып, Ертістің Павлодарға қарасты өңірінің оқырмандары арасында бірте-бірте абыройға ие бола бастады. Газеттің қоғам өмірін-дегі орны, журналистерінің бел-сенділігі ескеріліп, 1979 жылы 15 наурызда «Қызыл ту» газеті «Құрмет белгісі» орденімен наградталады.

1962 жылдың наурызынан 1981 жылдың сәуіріне дейін «Қызыл ту» газетін Сұбыхан Шошанов басқарған. Ол Ұлы Отан соғысы-на қатысқан азамат еді. Өзінің өмірлік мол тәжірибесін, білімі мен іскерлік қасиеттерін «Қызыл ту» газетін көркейтуге жұмсап, білікті басшы болып танылды. С.Шошановтың редакторлық қызметі облыс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының қарыш-тап өркендеуі, әлеуметтік сала-ның көркеюі тұсымен дәлме-дәл келді. Павлодар алюминий зауыты алғаш өнім бере бастады, Павлодардың алғашқы тракторы жасалды, мұнай өңдеу зауыты іске қосылды, Екібастұз отын-энергия кешенінің құрылысы, осы сынды тағы басқа маңызды оқиғалар газеттен кең көрініс тапты. С.Шошанов қызметкер-лердің үлкен тобын ортақ мақ-сатқа жұмылдыра білді, оларға тұрмыстық жағдай жасады, басшы әрі ата журналист ретінде көп адамға жақсылығын тигізді. С.Шошанов «Қызыл ту» газетінде ең ұзақ уақыт, 19 жыл басшы болуымен де тарихта қалды.

Одан соң облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған Балтабай Сейсенбеков 1981 жы-лы газет редакторы болып тағайын-далды.

Б.Сейсенбеков ортақ мақсат-қа ұйымшылдықпен жұмылған ұжымды қалыптастыра білген. Уақытпен санаспай, өз міндетін абыройлы атқарып жүрген қызметкерлердің еңбегін баға-лап, қанаттандырып отырған. Жас журналистердің шығар-машылығын қадағалап, олардың өсуіне жағдай жасау, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Облыстық «Қызыл ту» газетінің беделін арттырып, жаңа деңгейге көтеру жолында Балтабай Сейсенбеков бастаған журналистер сол жылдары әртүрлі шығармашылық байқауларда құрмет тұғырынан жиі көрінеді.

Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған Б.Сейсенбеков зейнеткерлікке шыққанша қажы-май еңбектеніп, еліне адал қыз-мет етеді. 1988 жылдың тамыз айына дейін редакторлық тізгі-нін ұстаған ол жеті жыл бойы «Қызыл ту» газетін жаңа белеске көтеру жолында тер төккен.

1988 жылдың тамызынан бастап 1998 жылдың шілдесіне дейін облыстық «Қызыл ту» (1991 жылдың екінші жартысынан бастап «Сарыарқа самалы») газетіне Әлғожа Мұхамеджанов редакторлық етеді. Бұдан бұрын республикамыздың бірқатар облыстарындағы басылымдар-да қатардағы тілшіліктен шығар-машылық ұжымдар басшысына дейінгі қызмет баспалдақтары-нан өткен. Ол павлодарлық газет-ті заман талабына сай етіп шыға-ру жолында көптеген игі баста-малардың ұймдастырушысы ретінде танылды. Әсіресе Кеңес өкіметі жылдарында өлуге жақын қалған тілімізді, өнеріміз бен мәдениетімізді, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген халықтар-дың аяулы перзенттерін газет арқылы оқырмандарға таныс-тыру жолында көп іс тындырды. Тоқсаныншы жылдардың басын-да нарықтық экономикалық қатынастарға көшуде газет те қиыншылықты көп көрді. Осын-дай сын сәтте Ә.Мұхамеджанов газет уақытында шығып, өз міндетін атқару жолында көп еңбек етті. Бұл жерде жарнама-коммерция бөлімі құрылды. Га-зет өз компьютер орталығында теріліп, беттелетін болды.

1991 жылы күзде «Қызыл ту» ұжымының аңсары азаттықпен бір болып, газет атауы «Сарыарқа самалы» болып өзгерді. «Сарыарқа самалы» газеті – өз дәуірінің өз заманының, уақыттың тынысын танытқан басылым. Газет елі-міздегі шұғыл өзгерістерді кәсі-би шеберлік деңгейінде байсалды сараптап, облыс тұрғындарына жеткізуде беделді ақпарат көзі болып саналды. Облыстың сан қилы тұрмыс-тіршілігін, саяси-экономикалық және рухани-мәдени өміріндегі игі өзгерісте-рін, қол жеткізген табыстарын насихаттаудағы еңбегі ұшан-теңіз. Өтпелі кезеңнің сындарлы тұстарында халықтың рухын көтеруде де, экономикалық ты-ғырықтан шығу жолында нарық-тық қарым-қатынастарды түп-кілікті орнықтыруда да аталмыш басылымның үлесі зор.

Егемен Қазақстан тәуелсіз-дік жылдарында өзінің дамуын әлеуметтік-экономикалық құры-лымының жаңа заңдары бойын-ша ұйымдастыруды қолға ала бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ішінде талай өзгерістер енгізіліп, журналис-тика мен өзге қоғамдық құры-лымдар арасында жаңа қарым-қатынас механизмі пайда болып, журналистиканың рөлі мен қыз-меті өзгеріп келеді. Бұл мәселе облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне де тән. Бүкіл әлем инфор-матика заманына мықтап қадам басқандықтан, мерзімді басылым-ды бұрынғысынша баспахананың ескі, пайдалануға әбден қолайсыз құрал-жабдықтарымен шығару заман талабынан артта қалу-шылық еді. Сондықтан 1997 жыл-дың 5 қыркүйегінен бастап газет басып шығару жаңа өндірістік тех-нологияға, жаңа әдіске көшіріледі.

Нарықтық жағдай туғызған қиындық, байланыс қызметінің нашарлауы газет пен оқырман арасындағы байланыстың тұрақ-ты болуына көлеңкесін түсіре алған жоқ. Мұны сол кездері редакцияға келіп түскен хаттар санынан аңғаруға болады. Мәселен, 1992 жылы редакция өзінің ауыл-селолық тілшілерінен 3246 хат алса, 1993 жылы газет редакциясына 4706 хат түскен. Редакцияның хатқоржынына түс-кен хаттардың көбеюіне газет редакциясының әрбір хат тағды-рына өте жауапкершілікпен қара-ғанын көрсетсе керек. Газет бетіндегі «Редакцияға хат» айдар-ларымен оқырман хаттары үздік-сіз жарияланып тұрған.

 

(Жалғасы бар.)
Торғын ОРАЗАЛЫ.

saryarka-samaly.kz